Орталық модельдік балалар кітапханасының кітапханашысы Б.А. Оспанова Ғ. Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының 8 «а», 8 «ә» сынып оқушыларымен ұлт рухын ұлықтаған тағылымды «Ұлт үшін туғандар» атты әдеби кеш өткізді.
Іс-шара Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына және Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналды. Кеш барысында Ә. Бөкейханның ел тәуелсіздігі жолындағы күресі, Алаш қозғалысындағы тарихи рөлі туралы мазмұнды мәліметтер беріліп, сұрақ-жауап ұйымдастырылып, бейнематериалдар көрсетілді.
Сонымен қатар, оқушылар М. Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылығымен танысып, ақын өлеңдерінің рухани мәнін терең сезінді.
8 «ә» сынып оқушысы Шаяхметова Камила «Мұғалімге»,
8 «а» сынып оқушысы Болат Рамазан «Қырман басында» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.
Іс-шара аясында тақырыпқа сай кітаптар сөресі ұйымдастырылып, шолу жасалды.
Тағылымды кеш - жас ұрпаққа рухани тәрбие мен ұлттық құндылықты дәріптеудің жарқын үлгісі болды.
https://www.mendikara-okzh.kz/kz/zhanaly-tar/1483-debi-tarikhi-kesh-lt-shin-tu-andar-m-ma-ataevty-95-zhyldy-y-men-b-kejkhanovty-160-zhyldy-yna.html#sigFreeId163bd945e0










