Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде Орталық аудандық кітапхананың игі бастамасына айналған дәстүрлі «Алғашқы оқырман» акциясы өтті.
Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары - Утетлеуова Р.С., Абдрашева З.К., Аргимбаева Г.М. - алғашқы келушілерді шынайы қуанышпен қарсы алып, мерекелік көңіл күй мен жылулыққа толы жайлы атмосфера қалыптастырды. Қонақтар үшін жағымды тосынсый дайындалды: кітапхана қызметкерлерінің жүрекжарды құттықтаулары мен алғашқы оқырмандарға арналған естелік сыйлықтар табысталды.
Биыл абонемент бөліміндегі алғашқы оқырман атанған - Конкабаева Ольга Владимировна, ал қызмет көрсету бөлімінде «алғашқы оқырман» деген құрметті атаққа зейнеткер Карбаева Шолпан Кобжасаровна ие болды.
Аталған акция қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлап, кітаптың жаңа жылда да адал дос әрі шабыт көзі болып қала беретінін тағы бір мәрте еске салды.











