Жаңалықтар. Оқиғалар

12 шілде күні, сағат 11-00-де Зұлқарнай Мұса қажы атындағы Меңдіқара аудандық мешітінің бас имамы Қошан Еркебұлан Жаңбырбайұлы және мешітте дәріс алып жүрген балалар орталық аудандық кітапханаға келді.

17-22 маусым аралығында елімізде Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысынан тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне дейін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елді басқарудың жоғары қызметінде 30-жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаев: жасампаздық дәуірі» атты тақырыптық апталық өтті.

2019 жылғы 17 мамырда  сағат 14-00-де орталық аудандық кітапханада Қостанай қаласы мен Меңдіқара ауданының құрметті азаматы, тамаша ақын Ж. Баязидтің 85 жасқа толуына орай әдеби қонақжай өткізілді. Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

20 мамыр күні, сағат 16-00-де кітапханашы Абдрашева З.К. санаториялық мектеп-интернатта «Ұрпақтарымен мәңгі жасайтын есімдер» атты еске алу кешін өткізді. 1937-38 жылдары құрбан болған Алаш ардақтылары А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Б. Майлин, Т. Рыскұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Н. Төрекұлов туралы оқушылар өз білгендерімен бөлісті, білімділіктерін көрсетті. Мысалы, 8 сынып оқушысы Марат Зейнеп Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» деген өлеңін жатқа айтып берді.

3 мамыр күні сағат 17-30-да кітапханашы Абдрашева З.К. Ғ. Жұмабаев атындағы мектептің интернатында «Ел сүйсінер ұлан бол» тақырыбында турнир өткізді. Оқушыларды екі топқа бөліп тапсырма берілді.

24 сәуір күні 18-30 с. орталық аудандық кітапханада қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ибраева Р.С. мен абонемент кітапханашысы Ерсултанова Г.М. «Жүректі қобалжытар өлеңдерім...» атты ақындық марафоның  өткізді. Бұл іс-шара біздің жерлесіміз, ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының  лауреаты, Қостанай қаласы мен Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы Жолбарыс Баязидтің 85 жасқа толуына арналған.